SpaceX және Tesla компанияларның директоры Илон Маск өзінің Twitter парақшасында Мысыр пирамидаларын өзге ғаламшарлықтар салғанын жариялағаннан кейін, оған Мысырдың халықаралық ынтымақтастық министрі Рания Аль-Машат жауап берді.
"Мен сіздің жұмысыңызға қатты таңданамын. Мен сіздерді және Space X-ті пирамидалардың қалай салынғандығы туралы жазбаларды оқып-үйренуге және пирамида салушылардың қабірлерін тексеруге шақырамын. Маск мырза, біз сізді күтеміз" делінген министр жазбасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір