• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:40:52
Алматы
+12°

Қазақстан H5N8 қауіпті вирусы белгілерінің табылуына байланысты Ресейден тасымалданатын кейбір тауық өнімдеріне шектеу қойды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.

"3-4 тамызда ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябинскідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Өлі құстардан алынған барлық сынамада H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстардың барлық түрі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл – ауыл шаруашылық, синантропты және жабайы құстарға жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Сондықтан, құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

Осыған байланысты Увел ауданаралық ветеринарлық зертханасы, Челябі сынақ зертханасы және Владимир қаласындағы жануарлардың денсаулығын сақтау федералды орталығы жасаған диагноз негізінде Қазақстан аумағында эпизоотикалық талаптарды сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябинск облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары (химиялық және микробиологиялық синтездің қоспаларынан басқа), таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжалар (тірі құстар, жұмыртқалар, құс еті және құс етінің барлық түрлері), сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеу енгізді.

Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдайды облыстардың ветеринарлық қызметі ерекше бақылауға алды" делінген министрлік таратқан хабарламада

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: құс еті құс тұмауы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір