• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:21:02
Алматы
+12°

4 тамыз күні Ливанның астанасы Бейруттағы үлкен жарылысқа 2750 тонна аммоний нитраты себеп болған. Бұл туралы "Қамшы" порталының ғылым саласындағы арнаулы авторы Жексен Тоқтарбай хабарлады.

4 тамыз 2020 жылы Ливанның астанасы Бейрутта үлкен жарылыс болып, 78 адам қаза тапты. 4000-нан астам адам жарақаттанып, бірнеше ғимарат қирады.

Алғашқы зерттеу нәтижесі бойынша жарылысқа порттағы 2750 тонна аммоний нитраты себеп болған.

Аммоний нитраты – ақ түсті, ұнтақ түріндегі кристалды зат. Негізінен ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданылады. Қыздырғанда жанында жанатын затпен қосылса, қопарылыс жасайды. Жалпы азотты тыңайытқыштардың басым көпшіліг күшті қопарылыс жасайтын қабілетке ие.

Аммоний нитраты бұған дейін де әлденеше рет жарылған.

1921 жылы 21 қыркүйекте Оппауда (Германия) 450 тонна аммоний нитраты тыңайтқышы жарылып, 600 адам қаз тапты, 2000-нан астам адам жараланған.

1947 жылы 16 сәуірде Техаста (АҚШ) 2200 тонна аммоний нитраты жарылуынан 581 адам өліп, 2000-нан астамы жараланған.

2004 жылы 22 сәуірде Риоң Чонда (Солтүстік Корея) дәл осындай жарылыстан 54 адам қайтыс болды.

2015 жылы 12 тамызда Тиян Жинде (Қытай) 800 тонна аммоний нитраты жарылғаннан 173 адам қаза тапты.

Аммоний нитраты тыңайтқышын тез жанатын заттармен бірге қоймау керек. Әсіресе тыңайтқышты көп мөлшерде қолданатын үлкен фирмалар мен ауыл тұрғындары абайлағаны жөн.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір