06 Тамыз, 2020 NEWS
qamshy.kz
Алматы облысында медицина қызметкері ПТР тесттің теріс көрсеткіші бар анықтамаларды 25 мың теңгеден сатқан. Бұл туралы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Covid-19-ға теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасын жасап, ақшалай "сыйақы" алғаны үшін 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталды" делінген комитеттің баспасөз қызметінде.
Бұл жағдай Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде анықталған.
Ведомствоның мәліметінше, ол маусым айынан бастап 12-ге жуық жалған анықтама сатқанын мойындады.
Баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір