06 Тамыз, 2020 Барлық аймақтар
Бір апта бұрын whatsapp желісінде Ақтөбе облысы Берсиев округінен табылған ескі құмыра суреті таралды. Жәдігер кездейсоқ табылған болып шықты.
Олжаның ерте дәуірде адамдар тұрақтаған "Қаздыарал" тұрағынан табылған. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археолог маманы Аслан Мамедов құмыраны зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.
Барлау жұмысы барысында кездейсоқ табылған құмыра бұған дейін басқа жерден әкелініп, қайта көмілгені анықталды. Табылған жерді зерттеу барысында, түрақта ерте кезеңдегі қауымның жерленгені анықталды.
Археолог Аслан Мамедовтің басшылығымен экспедия құрамы жасақталып, "Қаздыарал" тұрағына қазба жұмыстары жүргізілуде.
Үш жердің негізгі қабірі сақталған. Қайта көмілген сүйектері бар екі шұңқыр қазылды. Нәтижесінде ерте қола дәуірі мен орта ғасыр кезеңіне жататын археологиялық жәдігерлер ашылып, суреттелді.
Ғылыми заттардың маңызы тарихи жоғары. Терең зерттеуді қажет етеді. Археологиялық қазба жұмыстарына археолог Аслан Мәлікұлы, ойылдық жас ғылым жанашырлары Бекет Мырзағалиев пен Дәулет Тапашев және Ойыл аудандық музейінің қызметкері Медет Құлмұханов атсалысқан. Бұл Шығанақ Берсиев музейінің алғашқы, ғылыми тұрғыдағы археологиялық қазба жұмысы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір