• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:29:40
+12°
Құрбан айт мерекесінің қарсаңында алматылықтардан онлайн түрде құрбан шалуға 55 өтініш түскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы брифинг барысында қаладағы қатаң шектеу шаралары аясында Құрбан айтты мерекелеу тәртібі туралы Алматы қаласының Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек Шоқай айтты.

Еркінбек Шоқайдың айтуынша, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы карантиндік шектеу шараларын ескере отырып және халықтың денсаулығын сақтау мақсатында Құрбан айт мерекесінің қарсаңында онлайн режимде жұмыс істейтін «QURBAN-2020» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға кірісті.

«Жобаны жүзеге асыру үшін «QURBAN-2020» арнайы сайты іске қосылған, сонымен бірге, онлайн түрде құрбандық шалудың алгоритмі мен процедурасы жасалды», - деді Еркінбек Шоқай.

Акция аясында құрбан шалынып, мұқтаждарға ет таратылады. Ол үшін сайтқа кіріп, қажетті мәліметтерді толтырып, құрбандыққа шалынатын малды таңдап, төлемін жасау керек. Құрбандық шалудың фотосы мен видеосы бар есеп тапсырыс берушінің номеріне Whatsaap мессенджері арқылы жіберіледі. Ет қайырымдылық ретінле тұтастай таратылады.

Бүгінгі таңда ірі және ұсақ малды құрбандыққа шалуға 55 өтініш келіп түскен. Мереке жақындаған сайын құрбан шалуға өтініш білдірушілер саны көбейе түседі деп күтілуде.

Сонымен бірге, сайтта құрбандыққа шалынған етті алуға өтініш беруге болады. Сонымен бірге, Еркінбек Шоқай атап өткендей, әкімдік жанында өтініш бергеніне қарамастан, көмек көрсетілетін мұқтаж адамдар тізімі бар.

Құрбандық шалу рәсімін жүргізуге өтініш беру және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға өтініш қалдыруы сайт арқылы 24 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Алматыда арнайы штаб жұмыс істейді.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі:

+7 (7172) 33 30 30

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір