• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:13:56
Алматы
+35°

Болашақта әйелдер босану барысындағы ауруды сезбей, қиналмай босануы мүмкін. Бұған арнайы генетикалық өңдеудің арқасында қол жеткізілмек. Бұл туралы "Қамшы" порталының ғылым саласындағы арнаулы авторы Жексен Тоқтарбай хабарлады.

Босану кезінде әйелдер қатты ауырсынуды сезінетіні белгілі. Алайда сәбиді дүниеге әкелгенде мүлдем қиналмайтын келіншектер де болады. Мұндай әйелдер шамамен 1 пайыз ғана. Яғни әйелдердің 99 пайызына бала туған өте қиын.

Кембриж университетінің профессоры Майкл Ли бастаған ғалымдар босанғанда қиналмайтын 72 әйелдің ДНК-сына зерттеу жасаған.

Зерттеу нәтижесінде әйелдерден өте сирек кездесетін KCNG4 гені табылған. Бұл геннің нейрон белсенділігін төмендетіп, миға ауру белгісін бақылай отырып жіберетін қасиеті бары анықталған. Соның арқасында мұндай генге ие әйелдер босанғанда ауру азабын мүлдем аз сезінеді.

Генетик ғалымдар тышқандардан бөліп алған жасушаның геніне мутация жасап KCNG4 геніне ұқсас ген жасаған. Артынша тышқанды электр тогымен соғып, тексеріп көрген. Нәтижесінде тышқан электр тогын сезбеген.

 

Зерттеу кезіндегі кескін

Ғалымдар бұндай генетикалық өңдеу болашақта әйелдерге босану барысындағы ауруды сезбеуге, қиналмай босануға мүмкіндік береді дейді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ғылыми жаңалық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір