• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:47:42
Алматы
+12°

Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан 13 миллиард 908,5 миллион доллардың тауарын экспортқа шығарған. Бұл 2019 жылғы көрсеткішке қарағанда 4,2%-ға жоғары, әсіресе наурыз айында экспорт көлемі артты. 2019 жылдың наурызында 3,4 миллиард долларды құраған экспорт қаражаты биыл 4,8 миллиард долларға жетті. Экспортқа шығатын Қазақстандық өнімдердің ондығы төмендегідей.

10. Көлік құралдары

Бұл категория "Жердегі көлік құралдар, әуе құралдары, жүзу құралдары және көлікке қатысы бар құрылғылар мен жабдықтар" деп аталады. Демек бұл тек автокөліктер емес, ұшақ, қайық, катер, спутниктер және көлік жасауға арналған басқа да өнімдер. Қазақстан 2020 жылдың қаңтар-наурыз айында аталған тауарлардың 23,1 тоннасын сатты. Бұл соңғы алты жылдағы көрсеткіштердің ең үздігі.

Қазақстандық транспорттарды кім сатып алады?

Шамамен 40 мемлекет қазақстандық көліктерді және құрылғыларды тұтынады. Сатылымның басым бөлігін, нақтырақ айтқанда 85%-ын екі мемлекет сатып алады. Ресейге шығатын экспорттың сомасы 45 миллион долларды, ал БАӘ-ге тиесілі сома 35,7 миллионды құраған. Қазақстаннан өнім сатып алатындардың арасында АҚШ, Канада, Швейцария және Норвегия бар.

9. Мазут

Мазут –  мұнайдан бензин, лигроин, керосин және жанармайды бөліп алғаннан кейінгі қалған қалдық өнім. Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың 3 айында 157,7 мың тонна мазут экспортталған.

2020 жылдың басында қазақстандық мазут әлемнің 12 еліне жол тартқан. Негізгі тұтынушы – Нидерланды, олар экспорттың 76%-ын тұтынып отыр.

8. Темір рудалар мен концентраттар

Темір рудаларынан түскен олжа артып, экспортқа оң әсерін тигізіп жатыр. Үш айдың ішінде шетелге 2,4 миллион тоннаға жуық руда мен концентрат экспортталған. Бұл соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш. Бір жылдың ішінде жүк тасымалы – 2,5%, келісімшарттардан түскен пайда – 18 %-ға артқан.

 7Жалпақ бұйымдар

Металдан жасалатын жалпақ бұйымдардың экспорты негізінен Ресейге жөнелтіледі. 2020 жылдың бастапқы үш айында экспорт көлемі 201,5 миллион долларды құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,7%-ға көп. Осы жылы қара түсті металл өңдеу қайта қалпына келіп, наурыз айында 199,1 мың тонна өндірілді. Ал бұл жеті айлық көрсеткішке жатады.

 6. Бидай және жеңіл мақта

Бидай өнімі өзінен жасалатын ұнға қарағанда 2,8 есе жоғары пайда алып келеді. Адғашқы тоқсанда жүк тасымалы 1,1 миллионды құраса, пайда 239,1 миллион долларға есептелді. Табыстың басым бөлігі наурыз айында болған. Өзбекстанға тасымалдайтын экспорт 18,6 миллион долларға артты. Тәжікстан, Ауғаныстан және Италия 14,5 миллион долларды құрайтын негізгі нарық көзіне айналған.

 5Бейорганикалық химия өнімдері

Бұл категорияға "бейорганикалық химия өнімі, бағалы металдардың бейорганикалық немесе органикалық қосылыстары, сирек кездесетін металдар, радиоактивті элементтер немесе изотоптар" жатады. Уран өндіру де осы категорияда. Аталған өнім жоғары сұранысқа ие. Қаңтар-наурыз айларында әлемнің 35 елі осы санатқа кіретін тауарларды сатып алған.

Қазақстандық өнімді сатып алушылардың қатарында – Доминик республикасы, Гватемала мен Индонезия бар. Нарықтың негізгі кірісін Ресей қамтамасыз етеді. Экспорт кірісі 72,3 миллион долларды құрайды.

 4Ферроқорытпалар

Қазақстан ферроқорытпаларды дайындауда нық қадаммен алға жылжып келеді. Елде алғашқы тоқсанда 546,9 мың тонна өнім өндірілген, ал бұл соңғы сегіз жылдағы ең жоғары нәтиже. Сонымен қатар жүк тасымалдаудың артуы осыған байланысты. Наурыз айында өндірілген өнім толықтай сатылып кеткен. 447,3 миллион доллар – бұл түскен пайда.

Нарықтың негізгі көзі – Қытай болып қалды. Аспанасты елімен жасалған келісімшарттардың мөлшері 200 миллион доллардан асып түскен. Екінші орынды Жапония иемденді, сатылым 82 миллион долларды құрайды. Ірі көлемде сауда жасайтын елдердің бірі – Индонезия (23,6 миллион доллар).

3Табиғи газ

Экспортқа шығатын тауардың үштігіне табиғи газ енген. 2020 жылдағы бірінші тоқсанында 560 миллион доллардың өнімі сатылған. Швейцариямен келісім-шарт ұлғайып, сатылым көлемі 68,6 миллион долларға жеткен. Қазақстандық газды сатып алушылардың көшін Қытай бастап тұр. Оларға экспорттың 70%-ы тиесілі.

2. Мыс

Түркияға экспортталатын мыстың сомасы – 23,8 миллион долларды құрайды. Ұлыбритания – 5,5 миллион, БАӘ – 91,4 миллион долларды ел қазынасына құйып отыр. Тауардың төрттен бірін Қытай алып жатыр. Жалпы көлем 571,2 миллион долларды құрайды.

1. Мұнай

Әлемдік бағаның төмендеуіне қарамастан мұнай экспорты соңғы алты жылда максималдық деңгейде тұр. Алғашқы тоқсанда Қазақстан 8,8 миллиард доллардың өнімін сатқан. Жеткізудің физикалық көлемі 13,8%-ға өсіп, 18,2 миллион тоннаға жеткен. Мұнайдың арқасында қазақстандық экспорт артты. Мұнай өсімінің бағасы мыс, газ, уран, бидай және басқа да тауарлардың шығынын жабуға жетеді.

Қазақстанның қара алтынын ең көп тұтынатын ел – Италия. Жыл басынан бергі үш айда 2,47 миллиард доллардың өнімі осы елге экпортталған. Бұдан кейін 930 миллион долларға өнім сатып алып отырған Нидерланды жайғасқан. Кейінгі орындарда Швеция, Малайзия, Португалия және Иордания тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір