13 Тамыз, 2020 Барлық аймақтар
Фото: ortcom
Рухани жаңғыру бағдарламасының бір тармағы Жаңа гуманитарлық білім – қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық бағдарламасы. 2017 жылдан бері кітаптарды аудару жұмысын қолға алған Ұлттық аударма бюросының басшысы Рауан Кенжеханұлы Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа кітаптарды таныстырды.
Спикердің айтуынша бұл жұмысқа 300-ден астам ғалым, аудармашы тартылған. Жоба мақсаты, дүние жүзіндегі ең іргелі оқу орындарының оқу бағдарламасына кірген оқулықтарды қазақ тіліне аударып, отандық ЖОО-ларға тегін жеткізу.
– Бүгінде елімізде 1,5 млн студент бар. Олардың 70%-дан астамы қазақ тілінде білім алып жатыр. Жобаны іске асыру үшін оқу орындарындағы факультеттер қажетті деген кітаптардың тізімін берді. Биылғы аударылған оқулықтардың дені шығармашылық бағытта оқытылатын студенттерге арналды, – деді Р.Кенжеханұлы.
2017 жылдан бері 77 оқулық аударылып, олар 10 мың данамен басылып 132 ЖОО-ның кітап қорларына жеткізілген. Сонымен қатар электронды нұсқалары "Қазақстанның ашық университеті" порталына енгізілді.
Сонымен, биылғы аударылған 30 жаңа кітап – кино-театр өнері, музыка саласынан әлемнің үздік ғалымдарының еңбектері және құқықтану бағытындағы бірнеше басылымды құрайды.
Кітаптардың толық тізімін 100 кітаптың ресми сайтынан көруге болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір