• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 04:18:50
Алматы
+35°

Дональд Трамп шашын жууға қатысты шағымданғаннан кейін АҚШ билігі үйлердегі су қысымын арттыру ережелерін енгізуі мүмкін. Өзгерістерді АҚШ энергетика министрлігі сәрсенбіде ұсынған.

1992 жылы қабылданған заңға сәйкес, АҚШ-тағы душтар минутына 2,5 галлоннан (9,5 л) артық су шығара алмайды.

Өткен айда Трамп Ақ үйде шашын жууға қатысты шағымдарын жеткізген.

– Сонымен душ кабиналарынан су шықпайды. Сіз қолыңызды жуғыңыз келеді, су шықпайды. Сонымен не істейсіз? Сіз ол жерде ұзақ тұрасыз ба? Сіздерді білмеймін, менің шашым ол мінсіз болуы керек. Мінсіз, – деген Трамп.

Ал, тұтынушылар мен табиғатты қорғау топтары бұны ысырапшылдық және қажет емес деп санайды.

Энергияны үнемдеу тобының "құрылғы стандарттарын хабардар ету" жобасының атқарушы директоры Эндрю де Ласки бұл ұсыныс "ақылға қонымсыз" дейді.

"Егер президенттің жақсы душ таба алмағанына көмек қажет болса, біз оны тұтынушыларға арналған керемет веб-сайттарға бағыттай аламыз, олар сізге тығыз сулану мен жақсы су шығаратын душ анықтауға көмектеседі"деді ол Ассошиэйтед Пресс агенттігіне.

Consumer Reports ұйымының ақпараттық-насихаттау жөніндегі вице-президенті Дэвид Фридманның айтуынша, АҚШ-тағы душтар адамдардың ақшасын үнемдей отырып, клиенттерді қажеттілігін жоғары деңгейде орындайды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп душ ереже

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір