• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 01:42:03
Алматы
+35°

ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов түрлі медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу жүйесін түсіндірді.

-         Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес медициналық ұйымдар коронавируспен күресуге атсалысты. Бас дәрігерлер «қызыл аймақта жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің тізімін бұйрықпен бекітті. Ал жауапты сала мамандары жұмыс кестесін құрды. Ай біткен соң бұйрыққа байланысты тізімдегі жұмысшылардың табелі мен жұмыс кестесі ШҚО комиссиясына қаралуға беріледі. Комиссия мүшелері қосымша ақы төлеу мәселесін қарастырады, - деді Ғалымжан Әбілов.

Ғалымжан Әбіловтың айтуынша, облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін аймақтық комиссия отырысына денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің және өкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтар кіреді. 

Жұмыс мерзімі аяқталған соң барлық тізім комиссия қолына табысталады. Кейін комиссия мүшелері хаттама толтырып, қызметкерлердің жұмыс уақыты мен қауіп тобында қанша сағат істегенін саралап,  қорға тізімді береді. Онда еңбекақыға қосымша ақы төлеу басталады.

-         Бүгінгі күні қосымша ақы алуға өтініш берген 7606 қызметкердің бәріне жалпы сомасы 1,8 млрд.теңге төленді. Қосымша ақыға байланысты туындаған сұрақтар бойынша емхана әкімшілігіне немесе кәсіподақ ұйымдарына, сондай-ақ қосымша ақы төлеуге қатысты өңірлік комиссия мүшелерінің көмегіне жүгіну керек, - деді Ғалымжан Әбілов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: дәрігерлер ШҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір