• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:11:28
Алматы
+12°

ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында кәсіподақ мүшелері медицина саласы қызметкерлерінің сауалдарына жауап беру мақсатында сенімді call-орталықтарды іске қосты.

Медицина қызметкерлерінің кәсіподағы медициналық мекемелерге, тіпті кәсіподақтың құрамына кірмеген мамандарға да заңгерлік кеңес беруге дайын екендерін мәлім етті.

Мұндай орталықтарды құру проблемаларды шешуге және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО бойынша филиалының сенім телефоны: +7 776 466 67 77; +7 775 125 25 39; +7 777 268 09 65.

«Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ШҚОФ:: + 7232 254-904; +7 777 214 1337; +705 529 10 67 (Семей қаласы бойынша). Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады.

Айта кетейік, бұдан бөлек сall-орталықтардың ресми парақшаларын кәсіподақ ұйымдарының әлеуметтік желілерінде іске қосу жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО сенім телефоны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір