• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 03:16:42
+12°

Батыс Африкада орналасқан Мали республикасында әскерилер парақорлыққа, жемқорлыққа сеп болған режимді өзгерту үшін қолға қару алды. Президенттің орнын босатуын талап еткен олар президентті, бірқатар министрлер мен жоғары лауазымды офицерлерді тұтқындап, өздерінің әскери базасына жеткізген.

2020 жылдың 18 тамызында халық жаппай президенттің отставкаға кетуін талап етіп, бірқатар министрлерде тұтқындалған. Оқиға жергілікті қарулы күштердің араласуымен, полковник Садио Камараның басқаруымен болған. Бүлікшілердің қолына түскен билік өкілдерінің құрамында сыртқы істер министрі, қорғаныс министрі, экономика және қаржы министрі (Абдула Дафе), Ұлттық Ассамблеяның спикері (Мусса Тимбин) бар.

Қатардағы жүк көлігіндегі сарбаздар Кати қаласындағы Соундиата әскери базасына шабуыл жасап, аға офицерлерді де қамауға алған. Қала көшелеріндегі танктер мен бронетранспортерлер, сондай-ақ әскери жүк көліктері Бамако астанасына бет алғаны белгілі болды.

18-і күні кешке қарай бүлікшілер президенттің ұлы Карим Кит пен премьер-министр Буба Сиссті тұтқындады. Олар Малидің қазіргі президенті Ибрахим Бубакар Кейтанның елден кетуін талап етті. Алғашқы мәліметтерде президент Ибрахим Бубакар Кейтаның қауіпсіз жерге тапсырылғаны жайлы айтылған еді. Соңғы хабарға сүйенсек, президент те қамауға алынды. 

Еуропа Кеңесінің президенті Чарльз Мишельдің айтуынша,  бұндай әскери төңкеріс (қаншалықты ауқымды болса да) малиліктерге дағдарыстан шығуға көмектеспейді. 

Елдегі жоғары лауазымды тұлғаларды қамауға алғанымен, бүлікшілер әлі де нақты саяси жоспары мен талаптарын жария етпеген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір