• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:52:13
Алматы
+12°

Ұлыбритания Ресейдің қауіп-қатерінен қорғану үшін Украинаға корольдік әскери-теңіз флоты кемелерін жібермек. Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес жаңа теңіз жаттығулары арқылы Лондон Украинаның әскери-теңіз күштеріне көмектесетінін айтты. Бұл туралы Лондонда шығатын The Telegraph газеті хабарлады. 

Басылымның жазуынша, Қара теңіздегі Ресейдің қауіп-қатерінен қорғану үшін корольдік әскери-теңіз күштері бірінші рет Украинаға әскери кемелер жібереді.

Бен Уоллес жаңа теңіз жаттығулары арқылы Ұлыбритания Украинаның әскери-теңіз күштеріне көмектесетінін айтқан. Уоллестің сөзінше, осылай істеу арқылы "Ресейдің сепаратистерінен аумақтық тұтастықты" қорғайды.

– Біз қазірдің өзінде мыңдаған украиналық персоналға алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап жедел жоспарлауға дейінгі көптеген шеберліктерді үйреттік, олардың барлығы Ресейдің сепаратистерінен аумақтық тұтастығын қорғайды, – деді Уоллес.

Ұлыбритания қорғаныс министрінің айтуынша, теңіздегі дайындық жөніндегі бастама НАТО-ның альянсымен және бүкіл әлемдегі қарулы күштермен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді және Украина билігінің НАТО-ның жаңа мүмкіндіктерін пайдаланып, серіктес мәртебесін құруға көмектеседі.

Кеше Украинада болған Ұлыбритания қорғаныс министрі корольдік әскери-теңіз күштерінің күзде аймаққа жіберілетінін растады. Сонымен қатар, ол Украина қорғаныс министрі Андрей Таранмен кездесуде аймақтық қауіпсіздік және өзара мүдделілік пен ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.
Бұл бастамаға Ұлыбритания корольдік әскери-теңіз күштері мен Швеция, Канада және Дания әскери-теңіз күштері қатыспақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір