19 Тамыз, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Ұлыбритания корольдік әскери-теңіз флоты Ресейдің қауіп-қатерінен қорғану үшін Украинаға кемелер жібермек. Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес жаңа теңіз жаттығулары арқылы Лондон Украинаның әскери-теңіз күштеріне көмектесетінін айтты. Бұл туралы Лондонда шығатын The Telegraph газеті хабарлады.
Корольдік әскери-теңіз күштері Қара теңіздегі Ресейдің қауіп-қатерінен өзін қорғау үшін бірінші рет Украинаға әскери кемелер жібереді.
Бен Уоллес жаңа теңіз жаттығулары арқылы Ұлыбритания Украинаның әскери-теңіз күштеріне көмектесетінін айтты.Уоллестің сөзінше, осылай істеу арқылы "Ресейдің сепаратистерінен аумақтық тұтастықты" қорғайды.
–Біз қазірдің өзінде мыңдаған украиндық персоналға алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап жедел жоспарлауға дейінгі көптеген шеберліктерді үйреттік, олардың барлығы Ресейдің сепаратистерінен аумақтық тұтастығын қорғайды,– деді Уоллес.
Ұлыбритания қорғаныс министрінің айтуынша, теңіздегі дайындық жөніндегі бастама НАТО-ның альянсымен және бүкіл әлемдегі қарулы күштермен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді және Украина билігінің НАТО-ның жаңа мүмкіндіктерінен пайдаланып серіктес мәртебесін құруға көмектеседі.
Кеше Украинада болған Ұлыбритания қорғаныс министрі корольдік әскери-теңіз күштерінің күзде аймаққа жіберілетінін растады. Сонымен қатар, ол Украина қорғаныс министрі Андрей Таранмен кездесуде аймақтық қауіпсіздік және өзара мүдделілік пен ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.
Бұл бастамаға Ұлыбритания корольдік әскери-теңіз күштері мен Швеция, Канада және Дания әскери-теңіз күштері қатыспақ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір