21 Тамыз, 2020 NEWS
Фото: qamshy.kz
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында өзгеріс болды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына бірқатар азаматтық қоғам өкілдері – "Дос" тәуелсіз өмір орталығы" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинова, Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов, журналист, блогер Өркен Кенжебек, медиа сарапшысы Максим Рожин, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров енгізілді" делінген хабарламада.
Сондай-ақ ротация аясында бірнеше тұлға қоғамдық кеңестен шығарылды.
"Ұлттық кеңес құрамынан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушы Бағдат Мусин, белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев, қоғам қайраткерлері Мұхтар Тайжан, Сейдахмет Құттықадам және Жәнібек Қожық шығарылды" делінген хабарланды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 12 маусым күні құрылған. Президент жарлығына сай, кеңестің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік саясатқа қатысты өзекті, маңызды мәселелер бойынша бастамаларды, ұсыныстарды тұжырымдау.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір