• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:23:31
+12°

Коронавирус жұқтырған 379 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлады.

Оның айтуынша, елде 13 наурыздан бастап 104 718 адам коронавирус індетімен тіркелген. Оның 92 598-і емделді. 10 597 адам ем алып жатыр. Ем алып жатқандардың 52-сі бала. 

– Коронавирус жұқтырған 379 адамның жағдайы ауыр. 309 адам аса ауыр дәрежеде ауырып жатыр. 70 адамның жағдайы өте қатты ауыр дәрежеде. 50 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, – деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.

"Соңғы тәулікте КВИ жұқтырудың 175 жаңа жағдайы тіркелген. 13 адам инфекцияны жеңе алмады. 22 тамызда теріс ПТР тестімен 24 744 адам тіркелді" делінген брифингте.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір