Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Алик Шпекбаев президентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биыл 7 айда атқарған жұмыстары жайлы қорытынды есеп берді. Ол мемлекеттік қызметкерлер мен жауапты басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолданбағаны үшін қызметінен босатылуы туралы айтты. Сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерді жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізуді қалпына келтіруге қатысты Тоқаевтың бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуын баяндады.

"Президент мемлекеттік органдардың жұмысына қызмет көрсету моделін енгізудің маңыздылығын атап өтіп, агенттіктің азаматтық қоғам өкілдерімен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-қимылдарына оң баға берді" делінген хабарламада.

Кездесу соңында Тоқаев 19 тамыз күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын тезірек жүзеге асыру қажет екенін айтты. Ол кеңесте жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатып, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыруға қатысты тапсырмалар берген.

 
 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір