• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:16:04
Алматы
+12°

БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының барысында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың іс-шара қатысушыларына жолдаған үндеуін жариялады.

"1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан планетадағы ең қуатты ядролық қарудың төртінші арсеналынан бас тарту шешімін өз еркімен таңдады. Тарих бұл қадамның дұрыстығын растады – біз жарқын мысалмен бейбіт жолмен прогресс пен өркендеуге бет алуға болатынын көрсеттік" делінген Елбасы үндеуінде.

Тұңғыш Президенті халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанның үлгісімен жүруге және ядролық ессіздікті тоқтату үшін күш біріктіруге шақырды.

"Мен Америка Құрама Штаттары, Ресей, Қытай және Еуропалық Одақтың басшылары планетаның болашағы үшін ерекше жауапкершілікте деп санаймын. Егер осы төртжақты форматта саммит өтетін болса, онда оның басты тақырыптарының бірі ядролық қаруды кезең-кезеңімен және пропорционалды түрде қысқарту туралы көпжақты келісімді әзірлеу болуы керек деп сенемін. Қазақстан осы саммитке өз алаңын ұсынуға дайын", - делінген үндеуде.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион" мәртебесіне ие болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір