• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:39:42
Алматы
+12°

Солтүстік Қазақстан облысында өрт шығып, бүтін бір отбасы қаза тапты. Қайғылы оқиға бүгін таңертең Ильинка ауылында болған.

Оқиға 29 тамыз күні таңертең  орын алған. Өртке оранған үйдің ішінде 4 адам, оның біреуі 4 жастағы бала болыпты. Тілсіз жаудан жер үй түгі қалмай жанып, ал отбасы мүшелері тіл тартпастан көз жұмған.    

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, қазір тиісті сараптама тағайындалып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. "Ильинка ауылы мен аудан орталығының арасы 42 шақырым. Сондықтан жолға бір сағаттай уақыт кетті. Біз келгенше оқиға орнында жергілікті шаруашылықтың техникасы жұмыс істеп жатты", – дейді ТЖД басшысының орынбасары Нұрлан Атығаев. Тілсіз жау  тек таңғы сағат 5:47-де ғана ауыздықталған. 

Статистика бойынша, бұл облыста жыл басынан бері 400-ге жуық өрт оқиғасы тіркеліпті.  

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: СҚО қайғылы оқиға

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір