• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:19:10
Алматы
+35°
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бастап  келген Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекетік комиссия мүшелері ел Президентінің тапсырмасымен қайта жаңартылған тарихи-мәдени нысандарды аралап қайтты.
 
Тарихи нысандарды аралау ең алдымен Семейдегі қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген Абай алаңынан бастау алды. Алаң мүлдем жаңа кейіпке енген. Ұлы ойшылдың ескерткіші қалпына келтірілген. Жол жиектері жөнделген. Ыңғайлы демалыс орындары жасалды. Балаларға арналған ойын алаңдары мен спорттық алаңдар бой көтерді. Қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды. Алаң маңындағы көпқабатты тұрғын үй кешендері жөнделді. Бұл аумақ қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналары сөзсіз.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір