30 Тамыз, 2020 NEWS
Фото: ШҚО ақпарат орталығы
Еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасының Ата Заңының 25 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс шаралар ұйымдастырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы қабылданды. КСРО құлағаннан кейін дағдарыс жағдайында құжат қабылданды. Конституция бас мемлекеттік органдарды жүйелендіруге бағытталды. 1995 жылы жалпы халықтық референдум өтті. Референдум барысында Қазақстан халқы жаңа Конституцияның жобасын мақұлдады. Оған 8 миллионның 89,14% дауыс берді. Құжатқа екі мәрте өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 2007 жылы Конституцияға жаңа форматтағы мемлекеттік құрылым – президенттік-парламенттік енгізілді.
25 жылдың ішінде Қазақстанның Ата Заңына сәйкес экономика, өндіріс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, медицина және білім саласы қарқынды дамыды.
Конституция күніне орай Шығыс Қазақстандағы барлық қала мен ауданда мерекелік шаралар өтті.
Өңірде «Ата Заң аптасы» акциясы аясында облыстық прокуратура, нотариустер палатасы, кәсіпкерлер палатасы мен әділет департаменті құқықтық сауалдар бойынша онлайн-консультация ұйымдастырды.
Мәдениет саласында түрлі онлайн-әңгімелер, кітап көрмелері, тарих сағаттары мен «Конституция – болашақтың кепілі», «Қазақстанның Демократиялық Конституцияға дейінгі тарихи жолы», «Конституция тарихы – менің елімнің тарихы тақырыптары бойынша электронды викториналар өткізілді.
Бесқарағай ауданындағы 10 көпбалалы отбасы үшін Ата Заңнның 25 жылдық мерейтойы ерекше естен кетпес күн болды. Бұл күні оларға жаңа пәтердің кілттері табысталды.
Облыс жастары арнайы челлендждің көмегімен онлайн видео-челлендж ұйымдастырды.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті онлайн режимде дөңгелек үстел өткізді. «Қазақстан Республикасының Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу» деген атаумен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге ғалымдар, сарапшылар, сот өкілдері, прокуратура және басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ оқытушылар мен университеттің студенттері қатысты.
Өскеменде Конституция күніне орай «Жас техниктер стансасы» атты креативті білім беру орталығы ашылды. Сонымен қатар облыс орталығындағы белсенді қала тұрғындарына «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атты төсбелгілер табысталды.
Шемонайха ауданының жастары Ворошилов және Ивановский жоталарына барып, Қазақстан Республикасының туын тікті.
Коронавирус пандемиясына қарамастан өңірде мерекелік шаралар онлайн режимде ұйымдастырылуда.
Облыс тұрғындары 2D және 3D графикасының көмегімен, сондай-ақ анимация арқылы «Ел тірегі, ел бақыты – Ата Заң!» атты концертті тамашалай алады.
Өскеменнің орталық көшелерінде мерекелік күнге орай қала тұрғындары ту мен кітаптар таратылуда. Бұдан бөлек облыс орталығында 100 орындық балабақша қолданысқа берілді. Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстары жеке инвестиция көздері есебінен салынды. Сонымен қатар № 49 жалпы орта білім беретін мектептің салтанатты түрде ашылуын өткізу жоспарлануда. Семей қаласында «Ата Заң – ел тірегі» атты онлайн конференция ұйымдастырылды.
Жалпы айтқанда, барлық қала мен ауданда шығармашылық ұжымдар мен этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік онлайн-концерттер өткізілуде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір