• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 18:57:40
+12°

Ақтауда парашютпен секіру кезінде жарақат алған әскери қызметкер ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасы.

– Мұратжан Жамауов кеше, 1 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасында қайтыс болды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде науқас көз жұмды. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз, – деді облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

(Әріптестері оның секіру сәтін видеоға түсіріп алған)

Еске сала кетейік, 5 тамызда Ақтауда парашютпен секіру кезінде оқыс жағдай орын алды. Мұратжан Жамауов парашюттің толық ашылмауынан ауыр жарақат алып, жедел ауруханаға түскен болатын. 

Қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің жерден берілген дабылға жауап бермегенін және басқа парашютті қолданбағанын айтты. Ал, оның анасының айтуынша, ұлы жерден берілген бұйрықты ести алмаған. Яғни ол ресми мәлімдемемен келіспейтінін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір