• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:16:32
Алматы
+35°

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен Ақжар ауданының әкімі қоластындағы қызметкерлерінің жемқорлық әрекетіне жол бергені үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми деректерге сай, қоластындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмысқа жол бергені үшін басшының дербес жауапкершілігі заңына сәйкес лауазымды тұлғалар – СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев пен Ақжар ауданының әкімі Ербатыр Мадьяров қызметінен кетті.

Еске сала кетейік, СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Батырбек Қалабаев жалпы сомасы 650 мың теңге шамасында пара алды деп күдікке ілінген болатын.

Ол Ақжар ауданы Талшық ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берген.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов президент әкімшілігінің келісімімен бұйрыққа қол қойды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір