• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:45:19
Алматы
+12°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқулықтағы олқылықтар туралы оқулықтардың сапасы жайлы өткен онлайн жиналыста хабарлады.

– Оқулықтарда бұған дейін проблемалар болды. Мысалы, біз оқулықтарды дайындағанда, оның мазмұнында балаларға үй жұмысын жасау үшін интернеттің сілтемесін жіберіп, «енді осы сілтемені аш та, үй жұмысын жаса» дейді. Алайда барлық балада бұл мүмкіндік болмады ғой. Ауылдағы балалар бар, қаладағы балалар бар, әртүрлі жағдайдағы балалар бар. Сондықтан үй жұмысын міндеттеп, интернет арқылы ғана оқи алатын үй жұмысы болса, бала оны қалай істейді?! Осындай кемшіліктер мүлдем болмауы керек.

Баланың жасына, мемлекеттік тіл саясатына сай әдістемелік тұрғыда оқулықтар дұрыс болуы керек. Электрондық оқулықтар туралы да мәселе өте маңызды. Ол қолжетімді болуы керек. Сонымен қатар, олардың тегін болу сұрағы да басты назарда, – деді министр.

Ол тарих және әдебиет оқулықтарының олқылықтарын атап өтті.

– Біраз мәселелерге көңілімізді салып қарауымыз керек. Біріншіден, тарих оқулығы бойынша қазір тиісті жұмыс қарастырылып жатыр. Қазақстан тарихы бойынша ортақ оқулық болуы керек. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның тарихы болғандықтан, оған ортақ бағдарлама бойынша ортақ оқулық болуы керек деген ұсыныс бар. Ұсынысты қарастырып, тиісті жұмысты жүргізіп жатырмыз.

Екіншіден, көркем әдебиет бойынша зияткер, дарынды, ХХІ ғасырдың оқушысын қалыптастырамыз десек, балалардың әдебиетті оқитындай мүмкіндігі болуы керек. Оған біз баулуымыз керек. Алайда "Біздің нарықта балаға қажет әдебиет жеткілікті ме?" деген сұрақ пайда болады. Онымен қоса, мектеп кітапханаларының жағдайы қалай? Оларға көркем әдебиет кітаптары жеткілікті түрде сатып алынып отыр ма, жоқ па? Жеткілікті ме? Оның жұмыс істейтін форматы қандай? Бұл сұрақтар өте маңызды. Көркем әдебиетті мектептерге алып беру жағдайы, оның жеткілікті болуы, дүниежүзілік әдебиетте танылған әдебиеттердің қазақ тілінді қолжетімді болуы – бүгінгі күннің басты сұрақтарының бірі.

Қазақ әдебиеті оқулықтарының мазмұны, бағдарламасы бойынша да біраз сұрақ қойылып жатыр. "Біраз классик бағдарламаға енбей қалған" деген сұрақтар, өтініш хаттар түсіп жатыр. Сондықтан осы мәселе бойынша жұмыс тобын құрып, тиісті жұмысты ұйымдастырылады, – деді Аймағамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір