04 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: qamshy.kz
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов екі аптадан кейін Қазақстанда карантин режимі қайтадан енгізу туралы қауесетке жауап берді.
– Карантиндік шаралардың күшеюі немесе әлсіреуі біздің қоғамның тәртібі мен жүріс-тұрысына тікелей байланысты. Біз санитар дәрігерлердің талабын бұлжытпай орындауымыз керек. Ең алдымен, маска тағып, арақашықтықты сақтаған жөн. Карантиннің қатаңдатылуы немесе мүлде алынып тасталуы сіз бен біздің жауапкершілігімізге тікелей байланысты, – дейді ол.
Ол карантин режимінің ұзартылуына байланысты былай деп пікір білдірді.
– Карантинді қатаңдату туралы ешқандай шешім жоқ. Қазір жағдайлардың саны азаюда, сондықтан карантинді одан әрі әлсірету мәселелері қарастырылуда, – деп атап айтты Қожахметов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір