• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:50:46
Алматы
+12°

Алматының білім саласы қызметкерлерінің «Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер» форумында сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев қала мұғалімдеріне қолдау көрсету шаралары туралы айтты.

Қала әкімдігі педагогтарға қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Өткен жылы Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша мұғалімдер арасында «Үздік ұстаз» жаңа байқауы жүзеге асты. Сонымен қатар 10 үздік педагогқа гранттық қолдау көрсету бағдарламасы қолға алынды. Бұл шаралардың қорытындысы Мұғалім күні қарсаңында шығатын болады.

«Бұлардан өзге, жас мамандарды, оның ішінде мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыцз ету мақсатында жеңілдетілген несие берудің "Алматы жастары 3.0" қалалық бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама бойынша қазірдің өзінде 119 жас мұғалім несие алатын болды», — деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Алматы мектептерінде қызметтерін бастаған жас мұғалімдерге бірреттік төлем беру ісі одан әрі жалғасуда.

Форум аясында бірқатар мұғалімдер мемлекеттік наградалармен, Құрмет грамоталарымен, оның ішінде «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды. Алматыдағы №178 лицей орта арнайы білім берудің үздік мекемесі атанды.

Форумда жаңа жағдайда оқу процесстерін ұйымдастыру мәселесі талқылануда. Оның ішінде кезекші топтарда санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қашықтан оқуды ұйымдастыру, педагогтарды және мұқтаж оқушыларды компьютерлік техникамен, интернетпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бала бақшалар мен мектептерде орынмен қамтамасыз етудің өзекті мәселесі талқылануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір