29 Тамыз, 2020 NEWS
Ашық дереккөз
Ата заңымыздың 25 жылдық мерейтойына орай, Алматының Алмалы ауданында 25 түп алма ағашы отырғызылды.
Жас Отандықтар еріктілермен бірлесіп акция өткізді, шара барысында Алмалы ауданының жастар скейтпаркі аумағында 25 алма көшетін отырғызды.
«Осы акция арқылы біз жастарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, туған жер мен табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Осындай іс-шаралар әрбір адамды өз ортасын таза ұстауға және туған жерге сүйіспеншілікпен қарауға үйретсе дейміз», - дейді «Jas Otan» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов
Өз кезегінде қала тұрғындары да Жас Отандықтарға алғыстарын білдірді.
«Мұндай акцияның өткізілгені өте жақсы. Уақыт өте келе ағаштар жеміс беріп, әдемі бола түседі. Мұндай акцияларды жиі өткізу қажет, бұл қаланың эстетикалық сапасын жақсартады, сондай-ақ алматылықтарды жаяу серуендеуге шақыратын бір себеп», - деп атап өтті қала тұрғыны Жандос Талипов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір