09 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: Qamshy.kz
Актер Саша Барон Коэн "Борат-2" фильмін жарыққа шығарды деп жазады Collider басылымы.
Саша Барон Коэн 2006 жылы "Борат: Қазақстан халқының игілігі үшін америкалық мәдениетті зерттеу" ("Borat: Cultural Learnings of America for Make Benefit Glorious Nation of Kazakhstan") атты фильм шығарған. Фильмде Коэн қазақстандың тележурналисттің рөлін сомдайды. Фильмде Қазақстан мешеу, арзыз, жезөкшеліктің отаны ретінде, халық тұрмыс-тіршілігі тым сұрықсыз етіп көрсетілген. Актер бұл әрекетін "шоу жасағым келді" деп түсіндірген.
Collider ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Коэн өткен айда Лос Анджелес қаласында бір түсірілімде жүргенін жариялаған. Өзге БАҚ дереккөзіне сүйенсек, екінші фильмде "Борат" Саша Коэннің өзін сомдайды.
"Бораттың" жалғасын түсіруге кімнің қаржы бөліп, көмектесіп жатқаны белгісіз. Алғашқысын 18 миллион долларға түсірген. Бұл фильм бүкіл әлем бойынша 262 миллион доллар табыс әкелген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір