• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:51:01
Алматы
+12°

Білім және ғылым министрлігінің қаржылық қызметін тексеру мәселесіне қатысты сұрақтарға білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметі брифингінде жауап берді.

– Дүниежүзілік банкінің займына, қарызға байланысты әлеуметтік желілерде көтерілген мәселе  бойынша түсінік беріп кеткенді жөн көремін. Қарызды алу 2014 жылы басталған болатын. Осы жылы шешім бекітіліп, 2018 жылы барлық депутаттар іске асырылуын қолдаған болатын. 2018 жылы тиісті бюджеттік ұсынымдар бойынша, бюджеттік жоспарлау жұмыстарына байланысты халықаралық қарыз болғандықтан, оның ресми жұмысын жүргізу бойынша істер атқарылды. Қарызға байланысты өзінің бекітілген жоспары бар. Осы жоспарға сай тиісті жұмыстар жүргізіліп келе жатыр.

Бүгінгі күні депутаттар көтеріп жатқан мәселе – "Неліктен осы қарыз көлемінде жоспарланған компьютерлер техникасы сатып алынбады?". Осы бойынша тереңірек тоқталып өтейін. Жалпы бұл компьютерлерді сатып алу мәселесі 2021 жылға жоспарланған болатын. Тиісті қаражаттарды 2021 жылға қарай қарастырылған. Бұның негізгі мақсаты – осы қарыздың шеңберінде алдыңғы контенттік жұмыстарды жоспарлап, аяқтау. Оның ішінде, білімнің сапасын жақсарту, оқулықтарға, инклюзивті білім беруге, жалпы педагогикалық білімді жаңарту мәселелеріне байланысты бірқатар жобаларды іске асыру болатын. Осы контент жағын реттегеннен кейін барып қана тиісті техникалық құралдарды алуды жоспарлаған болатынбыз, – деді вице-министр.

Вице-министр компьютерлерді сатып алу жұмыстарының қолға алынғанын атап өтті.

– Ал енді биыл пандемия ешкімге айтып келген жоқ. Осы мәселе төңірегінде тез сатып алу жұмыстарын да министрлік қолға алып бастап көрді. Осы наурыз айында дүниежүзілік банкке хабарласып, тез, жылдам  сатып алу жұмыстарын шешу мәселесін қойған болатынбыз. Бұл үкіметтің тарапы жағынан бірқатар қосымша қаражаттарды қажет етеді. 

2021 жылға жоспарлаған қаражаттарды республикалық бюджетті нақтылау кезінде жылжытып, 2020 жылға әкелу сұрақтарын да қарастыру ұзаққа созылатын іс. Халықаралық рәсімдер бойынша, бұл процесс 9-дан 12 айға дейін уақыт алады. Сондықтан осы қарыз көлемінде компьютерлерді сатып алу жұмысы бойынша қашықтан ұйымдастыруға қатысты үлгереміз дейтін болсақ, наурыз айында сатып алуды бастаймыз. Келесі жылы наурыз айында конкурстық процедуралар болады. Содан кейін ғана жеткізіледі. Осы жағдай ескеріліп, министрлік компьютер техникасын сатып алу мәселесіне байланысты қарызды тоқтату шешімін қабылдады. Одан басқа бюджеттен тиісті қаражатты бөлу, жергілікті бюджеттен, республикалық бюджетте мектептерді компьютермен қамтамасыз ету жұмыстары басталды, – деді вице-министр, – деді ол брифингте.

Еске сала кетейік, кеше парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жәмила Нұрманбетова мектеп оқушыларының қашықтықтан білім алуына ашуланып, оқу жылына сапасыз дайындалғаны үшін шенеуніктерді жауапкершілікке тартуды сұраған.

"Қаржы қайда кетті?". Депутат білім министріне сұрақ жолдады

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір