10 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: pinterest.com
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектептерде эпидемиологиялық жағдай тұрақталды деп айту ерте екенін ескертті. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде мәлімдеді.
– Мектептердегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы айту әлі ерте. Өйткені, 1 қыркүйектен бері әлі 14 күндік инкубациялық кезең өткен жоқ. Бұл онлайн оқыту мен кезекші топтардағы және 180 адамға жетпейтін шағын мектептердегі жағдайды бағалауға мүмкіндік береді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ мен тұмау 70% дейін тіркелді.
ЖРВИ және тұмаумен ауырған балалардың иммунитеті әлсіреп, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі артады. Мәселен отбасындағы бір адам тұмаумен ауырса, барлығы ауырып қалуы мүмкін. Коронавирус жұқса, жағдай тіптен қиындайды. Бірінші карантинде мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашуымыз сәтсіз тәжірибе болды, онда коронавирус инфекциясы тіркеліп, жабылып жатты. Яғни, біз үшін еліміздегі қазіргі аурудың төмендеу қарқынын ұстап тұру маңызды. Балалар арасында ауруды таратып алмау керек,– дейді ол.
Министр брифингте коронавирустың екінші толқынына дайындық жүріп жатқандығын атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір