11 Қыркүйек, 2020 Барлық аймақтар
Фото: Qamshy.kz
"Шымкент" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Бауыржан Канкин БАҚ өкілдеріне орыс тілінде жауап беріп, өзі сияқты деңгейдегі қызметкерлер үшін мемлекеттік тілді білу міндетті еместігін айтты.
Кеше Шымкент қаласында ипподромға арналған брифинг өткен. Шараға "Шымкент" ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Канкин қатысқан. Шара барысында журналистердің сұрағына жауап берген ол қазақша жауап бере алмай, іркілген. Корпорация төрағасын Зәуре Мырзаходжаева есімді желі қолданушысы әзілге құрылған бағдарламаның қазақ тілін білмейтін Мэлс Маратұлы атты прототипіне теңеп, ашынып жатыр.
Бауыржан Канкин мемлекетті тілді білуден бұрын нәтиже көрсеткен маңызды екенін жеткізіп, "Францияның өзінде тіл білмейтін мамандар жұмыс істеп, нәтиже көрсетіп жатыр" деп ақталды.
"Қызметкерді оның жұмысының нәтижелері бойынша бағалауға келетін болсақ, оның командасының бар екені де, жұмыс нәтижесі де сезілмейді" делінген Зәуре Мырзаходжаеваның жазбасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір