• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:04:54
Алматы
+12°

Бүгін таңғы сағат 8:00-де Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханаға барып, алғашқылардың бірі болып маусымдық тұмауға қарсы вакцина салдырды.

Айта кету керек, 2020 жылы Қазақстанда егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді, яғни жылдағыдан екі аптаға ерте басталды.

ДДСҰ мәліметінше, қазіргі эпидемиологиялық маусымда вирустың үш штамы өзекті болады: A (H1N1) – Guangdong-Maonan, A (H3N2) – Hong Kong және B –Виктория желісіне кіретін Washington. Вакцина аталған үш штамға қарсы тұра алады.

– Жылда күз айында ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді, оның ішінде 2 жарым мыңнан астам науқас зертханада анықталғаен тұмауға шалдыққан. Биыл халыққа вакцинация өте қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да араласып, жағдайды ушықтыруы мүмкін, мұндайда қазір қол жеткізген тұрақтылықты сақтап қалу қиын болады, – дейді Алексей Цой журналистерге берген сұқбатында. 

Республика халқының 11,7 пайызын, ал ДДСҰ ұсынысы бойынша кемінде 10 пайызын тұмауға қарсы тегін вакцинамен қамту жоспарланған.

Тұмауға қарсы вакцинация тәуекел тобына кіретін мына санаттағы адамдар үшін тегін:

  • мектеп жасына толмаған және мектеп жасындағы балалар;
  • медицина қызметкерлері;
  • жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі);
  • жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп-интернаттар;
  • созылмалы ауруы бар ересектер мен балалар;
  • 60 жастан асқан қарттар. 

Алдын алу мақсатында әрбір адам тұмауға қарсы ақылы егу салдыра алады, ол жеке вакцинация орталықтарында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органнан рұқсаты бар тұрғылықты жері бойынша емханалардағы егу кабинетінде жүргізіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір