14 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: ашық дереккөз
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков 107 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен екі айға қамауға алынды. Бұл туралы vlast.kz тілшісі хабарлады.
Қарағанды облысы прокуратурасының хабарлауынша, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша үй салуға 107 миллион теңге бөлінген.
Прокуратураның ресми мәлімдемесінде "Жақсылық Шалабеков Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде көрсетілгендей, бір топпен сөз байласып, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталады. Яғни, күдікті 2018 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласында ірі панельді тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы мүмкін" делінген.
Соттың мақұлдауымен әкім орынбасары екі айға қамауға алынған. Тергеу ісі облыстық прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір