17 Қыркүйек, 2020 Әлеумет
Фото: Qamshy.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында "Күнделік" ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов "Күнделік.кз" платформасының 2 238 563 оқушыға және 332 601 ұстазға қызмет көрсететінін айтты. Бұл туралы Elorda.info мәлімдеді.
– Біз 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Күнделік.kz – мектептерге, білім беру мекемелеріне толықтай ақысыз жүйе. Бұл платформа биылғы жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында сабақ қашықтан білім беру форматында өтетіндігін ескере отырып, жаз бойы дайындық жүргізді. Пайдаланушылардың ықтималдылық жүктемесі жеңілдетілді. Инфрақұрылымдық жүйесі 30 пайызға кеңейтіліп, жүйе едәуір жақсартылды. Осының арқасында біз бірінші тоқсанда толық дайын болдық. Техникалық ақаулар болған жоқ. Қазіргі уақытта "Күнделік" жобасында 6 200-дей мектеп жұмыс істеп жатыр. Нақтырақ айтқанда, 332 601 мұғалім мен 2 238 563 оқушыға, 2 016 990 ата-анаға қызмет көрсетіп жатырмыз", – деді басшы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір