18 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметтен кімдер қысқаратыны туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлады.
Оның айтуынша, бос орындарды алып тастап, зейнеттегілерді шығару есебінен штат қысқарады. Сондай-ақ биыл қызметкерлердің он пайызы, келесі жылы 15 пайызы қысқартылуы керек. Бұл кезде 8,5 пайыз жұмыс үлесі бос тұрады. Биыл қысқарту осы бос орындардың есебінен қамтамасыз етіледі.
– Әрбір мемлекеттік орган бұл мәселені шешеді. Бұдан басқа, біз ресурсты да пайдаланатын боламыз: бізде жұмыскерлердің зейнетке шығуы есебінен жыл сайын мыңнан аса орын босайды. Тағы алты мыңға жуық жеке секторға немесе басқа ұйымдарға баратындар жыл сайын ауысып отырады. Бұл ережелер де қолданылады. Бірақ біз нақты адамдарды қысқартпаймыз. Оларды жұмыссыз қалдырмаймыз. Барлығы ойластырылатын болады. Менің ойымша, мемлекеттік органның кез келген басшысы жұмыстан қысқарып қалатын адамдарға қамқорлық жасайды, – деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір