• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:44:10
Алматы
+12°

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл құс фабрикасында бір тәулікте 180 мың мекиен тауықтар қырылып қалды. Бұл туралы Петропавловск.news хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, алдағы уақытта да осы жағдай қайталануы мүмкін деп жоспарланып отыр. Құстардың қырылуынан фабрика қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін. Қыркүйек айының басында 320 мыңға жуық тауық пен 6 мыңға жауық қаз болған.

–  Бүгінде мекиен тауықтардың жартысынан азы қалды. Кеше 180 мыңнан аса құс қырылды. Енді 30-40 мыңға жуық құс қырылуы мүмкін. Аналық қаздан ештеңе қалмады деуге болады. Бірнеше тәулікте ондаған мың құс қырылды. Өз қолымызбен шұңқыр қазып, өртеп, шұңқырларды балшықпен жауып, жойып жатырмыз, – деді Бескөл құс фабрикасының технологы Татьяна Костенко кәсіпорынға ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева арнайы сапармен келген  кезінде.

Костенконың хабарлауынша, зауыт құс тұмауына қарсы жаппай вакцина егуге дайын емес. Қыркүйек айының басында аналық үйректердің 15 мыңына екпе егілген.

– Біз Солтүстік Қазақстанмен шекаралас аумақтарда бұл індеттің өршіп бара жатқанын білген кезде қолда бар вакциналарды аналық үйректерге бегуді шештік. Өйткені мекиен тауықтарға вакцина жетпейтін еді. Үйректерді аман алып қалады деген ойдамыз, – дейді технолог.

Ол құс тұмауына қарсы вакцинаның мың дозасы орташа есеппен 50 мың теңге тұратынын атап айтты. Бірақ құс фабрикалары субсидия алмайтындықтан, кәсіпорында мұндай қымбат вакцинацияны алуға қосымша қаражат болмаған.

– Келесі көктемде не болатынын елестетудің өзі қорқынышты, адамдар құссыз қалады. Тауықтардың бір бөлігі аман қалса да, бүкіл құсты жоюға тура келеді. Өйткені ол құс тұмауын тасымалдаушы болып есептеледі. Осы аймақтағы барлық құс фабрикаларының жұмысы тоқтап қалуы мүмкін. Біз үлкен трагедия келгенін түсініп отырмыз: құс фабрикасында 170 адам жұмыс істейді, яғни 170 отбасы қыстың алдында жұмыссыз қалады, – деді Татьяна Костенко.

Гүлмира Исаеваның айтуынша, вакцинация диагноз қойылған кезде басталатынын атап өтті.

– Диагноз 16 қыркүйекте сағат 21.00-де белгіленді. 17 қыркүйекте шектеулер мен вакцинация туралы шешім қабылданды, 19 қыркүйек күні таңертең вакцина аймаққа арнайы көлікпен жеткізіліп, аудандарға таратылды. Вакцинаны жеткізіп, тарату үшін бізге екі күн қажет болды, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір