21 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: Алматы қалалық әкімдігінің парақшасынан
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мақсат Қиқымов тағайындалды. Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды.
Осыған дейін қала әкімінің орынбасары қызметінде болған Сапарбек Тұяқбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бірге қызмет еткен барлық әріптесіне алғыс білдірді.
Мақсат Кикимов 1986 жылы дүниеге келген. Банк ісі академиясы колледжінің, Алматы Экономика және статистика академиясының, "Тұран" университетінің түлегі. Қаржы, мұнай салаларында және мемлекеттік қызметте 15 жылдан аса жалпы еңбек өтілі бар.
Еңбек жолын 2005 жылы "Альянс банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің маманы болып бастаған. 2006-2012 жылдары "Альянс банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалында бас маман, бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер, бэк-офистің басқарушысы, "Астана-финанс" Банкі АҚ Алматы филиалының бас бухгалтері, "Трансервис-Миллениум" ЖШС қаржы директоры, әдіснама басқармасының бастығы, әдіснама және автоматтандыру және бизнес-процестер басқармасының бастығы, "Кредит Алтын Банк" АҚ бас есепші басқарма мүшесі, "Bank RBK"АҚ банктік технологиялар департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының орынбасары, Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы, 2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы, 2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір