• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:07:19
Алматы
+12°

Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпунов шетелдік банктер арқылы 755 миллион доллар жылыстатқан. Бұл туралы халықаралық журналистік тергеу консорциумының (ICIJ) жаһандық есебінде хабарланды.

Есепке сәйкес, әлемдегі бес ірі банк - JPMorgan, HSBC, Barclays, Deutsche Bank және Bank of New York Mellon - 1999 жылдан 2017 жылға дейін күдікті сипаттағы көптеген транзакциялар жүргізіп, клиенттерге екі триллион доллардан астам ақшаны жылыстатуға көмектесіп отырған.

Атап айтқанда, 2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін Мұхтар Әблязовтың шетелдік банктердегі шоттары бойынша 666 миллион долларға 73 операция жүргізілген. Әблязов шоттары бойынша 73 транзакцияның 14-і банктерде күдікті деп белгіленген. Осы уақытта Әблязовқа барлығы 27 банк шоттары тиесілі болған.

Храпуновтар отбасы 2003 жылдан 2017 жылға дейін 88,9 миллион долларға 206 транзакция жүргізген, оның 29 транзакцияцын банктер күдікті деп таныған. Жалпы, Храпуновтар отбасы 37 банкте есепшотқа ие болған.

Тергеудің негізінде 2,1 мыңнан астам "күдікті операциялар туралы есептер" (SAR) бар, оларды банктер АҚШ қаржы министрлігінің FinCEN бөлімшесіне (қаржылық қылмыстарға қарсы күрес басқармасы) ұсынды. Бұл "құпия" материалдарды BuzzFeed басып шығарып, содан кейін ICIJ ұйымына тапсырды. Журналистер консорциумы тергеу жүргізіп, құжаттарды талдаған 88 елде 400-ден астам журналистерден тұратын топ құрды.

Жалпы соманың 514 миллиард доллары JPMorgan банкіне, ал 1,3 триллион доллары Deutsche Bank-ке тиесілі. Банктер "үлгілі мінез-құлық" туралы уәделерін бірнеше рет бұзды деп хабарланған. Олар заңсыз әрекеттері үшін алынған, атап айтқанда, салықтық алаяқтық, есірткі сату және қылмыс жасағаны үшін алған қаражаттарын жылыстатуы мүмкін. Банктер кейде санкцияларды бұзып, сонымен қатар клиенттерге оларды айналып өтуге көмектескен.

Журналистер жасаған тергеуде Венесуэла, Қытай, Ресей, Украина, Қазақстан, Африка және басқа да мемлекеттер бизнесмендерінің есімдері жазылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әблязов храпунов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір