22 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: nege.kz
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында салынып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешені құлады, деп хабарлады nege.kz.
Порталдың хабарлауынша, құрылысқа жалпы құны 1 млрд 171 млн теңге бөлінген. Нысанның құрылыс жұмысы 2019 жылы басталып, 2020 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс болған.
Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нұрахунов ғимараттың неге құлағанына нақты жауап бере алмады.
– Ертең мамандар келеді, экспертиза жасайды. Түсте бір темірі түсіп қалыпты. Оның өзінде толық түспеген, бір жерінің шатыры ғана түсіп кеткен. Қазір анау-мынау деп айта алмаймыз, – деді ол.
Құрылыс басқармасының басшысы Дәурен Жолжанов ешқандай ақпарат бере алмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, нысанды салып жатқан "Лидер НК" құрылыс компаниясы, басшысы – Марат Қуанышбаев.
♦ Оқи отырыңыз: Әкімің кім? Ұйғыр ауданы халқын не мазалайды? (видео)
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір