• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:34:11
+12°

25 қыркүйек, кеше Украинаның Харьков облысында украин қарулы күштерінің АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы korrespondent.net хабарлады. 

Ұшақ әскери дайындық бөлімінің аэродромы орналасқан Чугуев қаласының маңына қонған кезде құлаған. Бортта экипаждан басқа, Украинаның Харьков АӘК курсанттары болған.

Соңғы мәліметтер бойынша, ұшақ апаты салдарынан 25 адам қайтыс болған.

– Осы минутқа дейін 25 адам қайтыс болды, ауыр жараланған 2 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, қалғандарын іздеу жалғасуда, –  деп хабарлады Украина Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Оқиғаға байланысты "апаттар мен ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу ережелерін бұзу және оларға дайындық туралы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Украина президенті Владимир Зеленский қайғылы оқиға орнына баратындығын айтты.

– Біз шұғыл түрде барлық қайғылы жағдай мен себептерді тергеу жөніндегі комиссия құрып жатырмыз. Мен тиісті тапсырмаларды премьер-министрге бердім. Іздестіру тобы қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Ертең мен Харьков облысында боламын, – деп жазды Зеленский өзінің Telegram-каналында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұшақ апаты Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір