29 Қыркүйек, 2020 Алматы
Фото: Кездесудің бірінен алынды
Әлемдік өркениеттер, әлемдегі таңғажайып жетістіктер қандай да бір мемлекеттер мен қоғамдарға тән болғанымен, сол әлемдік өркениетке қолтаңбасын қалдырған жекелеген тұлғалар көп емес. Қазақ халқы үшін сондай ерек тұлғаның бірі туғанына биылғы жылы 1150 жыл болған Әбу Насыр әл Фараби.
Қаңтар айында елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған еді. ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ мен ИСЕСКО аясында Әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өткізіледі деп жоспарланған..
Әлемді шарпыған эпидемиялық ахуал барлық жағдайды басқаша күрделендіріп жіберді. Тек онлайн кездесу ғана рұқсат етілгендіктен, деректі филмьдермен онлайн жиналыстармен шектеліп жатыр. Алматы қаласындағы аудандар арасында, Қоғамдық даму басқармасы қолдаумен "Мәңгілік Қазақстан" қоғамдық қоры ұйымдастырумен "Әл Фараби ге 1150 жыл" атты ғылыми кездесу өткізді.
Бірінші кездесуі Алатау аудандық әкімшілігінің қолдауымен 3- қыркүйекте, әкімшіліктің әлеуметтік желісінде, филология ғылымдарының докторы, профессор, шығыстанушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Иран-Тұран» зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменеймен өтті. Бостандық ауданында 7-қыркүйек күні, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжановпен, 8-қыркүйек күні Әуезов ауданында, Фарабитанушы, профессор Жақыпбек Алтаевпен кездесу өткізді. Кездесудің барлығы онлайнда, тікелей эфирде инистаграм парақшаларда болған еді.
Әлемдегі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз болып танылған ойшыл, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логик, сазгер, жалпы сан саланы зерттеуші әмбебап ғалым қазақ топырағында дүниеге келгені бәріміз үшін мақтаныш. Тек қазақ халқы ғана емес, күллі түркі халқы мақтаныш санап әр ұлт Фарабиді өздеріне телиді, тарихи деректерге көз жүгіртсек Әл Фараби бабамыз, Шыңғыс хан күлін көкке ұшырған әйгілі Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келеді. Отырар қаласын Барба Фараб деп атап кеткен осыдан Әбу Насырды Фарабтан шыққан Әбу Насыр Әл Фараби деп атап кеткен. Кезінде тоғыз жолдың торабына айналған, тарихи қатынастар мен сауданың ошағы болған Отырар қаласы қазақ жеріндегі аса ірі мәдени орталықтың бірі болды. Өз еліндегі өнер білімді оқып тауысқан соң Әбу ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Әрине, өкінішістісі, ойшыл-ғұламаның 200-ден артық ғылыми трактаттарының, бізге келіп жеткені тек жетпістер шамасында. Ал бізге жетпей, әлі де қазақ тіліне аударылмай жатқаны да бар, болашақ еншісінде..
Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Ұлы ғалымның 1150 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшілігі мен Ұлттық кітапханасы әл-Фарабидің 1 150 жылдығына арналған онлайн-конференция да Әл-Фараби идеясын тек ЖОО ларда ғана емес, мектеп, балабақшаларға да енгізуді ұсынды. Болашақта Әбу Насырдың еңбектерін бала-бақша тәрбиесінен бастау алатынын көретін күн де алыс емес...
Аида Кожмамбетова
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір