• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:08:32
Алматы
+12°

Үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде Тәуелсіздік сарайында Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған "Мейірімді қала тұрғындары" атты Эссе конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.Әлмуханов, Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ж.Қарашолақов, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Д.Қамзабекұлы, филология ғылдымдарының кандидаты З.Малгараева және Білім беруді жаңғырту орталығы директорының орынбасары С.Даушова қатысты.

"Әл-Фарабидің өмірбаяны, ұлы ойшылдың рухани мұрасы", "Әл-Фарабидің ғылыми-шығармашылық еңбектері туралы", "Әл-Фарбидің әлем ғылымына қосқан үлесі", "Әл-Фараби идеяларының бүгінгі қоғаммен сабақтастығы" тәрізді еркін тақырыптарға жазылған мазмұнды материалдар арасынан үздік эссе жұмыстары іріктеліп алынды.

Қазылар алқасының төрағасы филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Д.Қамзабекұлы өз сөзінде қатысушылар мен іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтып, конкурсқа келіп түскен кей жұмыстардың мазмұны мен ерекшеліктеріне тоқталды.

"Жалпы қазылық өте айқын және шынайы болды, білімпаз балалардың деңгейін көріп қуанып та жаттық, алайда бір айта кетер жайт "плагиат" жұмыстар да болды, біз енді ғылым саласында жүргеннен кейін мұндай дүниелерді байқап қаламыз. Батыстың білім ошақтарында студентті екі жағдайда ғана оқудан шығарады екен, бірінші «ауыр қылмыс» жасаған кезде, екінші «плагиат» жасаған кезде, қарасаңыздар "сөз ұрлығын" ауыр қылмыспен пара пар қойып отыр. Сондықтан болашақта айналайындар өз ойларыңызды, пікірлеріңді жеткізіп үйреніңіздер, негізінде «эссе» деген әрбір адамның өз ойтолғамы мен парасат пайымы, көзқарасы болып табылады. Жүлделі орын алған барлық балалар өз ойлары мен пікірлерін жеткізе алып, Әл-Фараби бабамыздың еңбертеріне қатысты ойларын білдіріп, бүгінгі күнмен де ұштастыра алған".

Қазылар алқасының шешімімен 2 номинация бойынша мектеп оқушылары және ЖОО мен колледж студенттері арасында өткізілген конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды.

Мектеп оқушылары арасында өткізілген конкурс бойынша:

1-орын – Батталова Мақпал, И.Құтпанұлы атындағы орта мектеп («Ноутбук», ақшалай мөлшерде 190 000 тг.);

2-орын – Жунусова Сания, №28 мектеп-лицейі («Планшет», ақшалай мөлшерде 100 000 тг.);

3-орын – Қайратова Айлин, №72 мектеп-лицейі («Смартфон», ақшалай мөлшерде 70 000 тг.).

Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасынан 10 қатысушыға 10 000 тенге көлемінде ынталандыру сыйлықтары табыс етілді:

  1. Кузнецова Дарья, №28 мектеп-лицейі;
  2. Марат Анель, Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;
  3. Соланова Нигяр, №5 мектеп-гимназиясы;
  4. Амзабек Дінасыл, №59 мектеп-лицейі;
  5. Сағынбаева Нұрсұлу, №68 мектеп-гимназиясы;
  6. Какимова Диана, №28 мектеп-лицейі;
  7. Үсен Айжан, №82 мамандандырылған лицей;
  8. Искакова Айдана, №54 мектеп-лицей;
  9. Тұрлыбекова Малика, №28 мектеп-лицей;
  10. Байғана Ясмина, №68 мектеп-лицей.

ЖОО мен колледж студенттері арасында өткізілген конкурс бойынша:

1-орын – Терликбаева Гүлназ, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті («Ноутбук», ақшалай мөлшерде 190 000 тг.);

2-орын – Сұлтангалиева Индира, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті («Планшет», ақшалай мөлшерде 100 000 тг.);

3-орын – Каиржанова Айдана, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті («Смартфон», ақшалай мөлшерде 70 000 тг.).

Сонымен қатар, ЖОО мен колледж студенттері арасынан 10 қатысушыға 10 000 тенге көлемінде ынталандыру сыйлықтары табыс етілді:

  1. Батыргали Парасат, Астана гуманитарлық колледжі;
  2. Кенжебек Елжан, Астана гуманитарлық колледжі;
  3. Маманова Аяулым, Еуразия гуманитарлық институтының колледжі;
  4. Парахатова Құлпынай, Астана гуманитарлық колледжі;
  5. Жанатлек Жания, Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі;
  6. Амангелді Арнагүл, Астана гуманитарлық колледжі;
  7. Полат Айжан, Астана гуманитарлық колледжі;
  8. Нұртай Гүлзат, Астана гуманитарлық колледжі;
  9. Амангалиев Нұржан, Көлік және коммуникация колледжі;
  10. Көшербай Жанкүміс, Қазақстан Халықаралық лингвистикалық колледжі.

Елорданың дарынды жастарына өздерінің шығармашылық ізденістерін және эссе жазу қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған конкурс жоғары деңгейде өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір