03 Қазан, 2020 Ақтөбе облысы
Фото: Ақтөбе облысы баспасөз қызметі
3-қазан, сенбі күні партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалин №5-ші сайлау учаскесінде онлайн түрінде үміткерлерге дауыс берді. Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған партияішілік сайлау - праймериздің қоғамдағы алар орны ерекше екенін айтып өткен аймақ басшысы үміткерлердің барлығына сәттілік тіледі.
«Облыста 30 мыңнан астам партия мүшелері болса, қазіргі таңда 20 мыңы таңдауларын жасап, дауыс берген. Праймериздің ерекшелігі сол елдегі әр түрлі проблемаларға үлкен жанашырлықпен қарайтын өз ортамызда жүрген азаматтарды іріктесек, оған тек партия мүшелері ғана емес, қоғамға өзгеріс жасауға ниетті әрбір азаматқа да мүмкіншілік берілді. Бүгін партияның облыстық филиалы төрағасы ретінде тізімдегі азаматтарға түгел қолдау көрсеттім»,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұловтың айтуы бойынша праймеризге Ақтөбе облысынан 460 үміткер қатысуда. Ал қала бойынша 138 үміткер бақ сынайды. Олар партияластарымен бірге 5 мыңнан астам кездесу өткізген. Жария пікірсайыстарда түрлі мәселелер көтеріп, оңтайлы шешу жолдарын ұсынды.
Облыс бойынша 118 дауыс беру орындары ашылды. Оның 76-сы онлайн форматта болса, 42 орын қағаз бюллетенімен дауыс беруге арналған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір