• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:22:20
Алматы
+12°
Қоғам белсендісі, экономист Мұхтар Тайжан facebook желісіндегі парақшасында ұлттық кеңестен шығарылғанын хабарлады.
 
Оның айтуынша, жер комиссиясы құрылмай жатқандықтан, кеңесте нақты істейтін жұмыс жоқ көрінеді.
 
"Ұлттық кеңестен ақыры шығарылдым. Жер комиссиясы әзірше құрылмай жатыр, яғни менде нақты жұмыс дәл қазір әзірше жоқ. Енді не істеуім керек, ал? Пайда болған бос уақытты босқа кетіртпей, сүйікті жұбайым Айгүлді ертіп алып, Чехиядағы Карловы Вары деген курортқа барып, денсаулығымызды күшейтуді жөн көрдім. Қазан айы осында пайдалы су ішіп, жаяу көп жүріп, демалып жатамыз, амандық болса. Әлбетте, сіздер қарсы болмасаңыздар" деді Тайжан сөзінің соңын әзілмен аяқтап.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір