• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:50:08
Алматы
+12°

Ұлтымыздың өткен тарихына көз жіберсек, оның талай қиын кезеңді бастан кешіргенін анық байқаймыз. Міне, осындай тағдырдың талқысына түскен дәуірде халқымыз өзінің сабырлылығы, парасаттылығы, қажыр-қайраты, өрелі өміршеңдігі, күшті ерік-жігерімен бүгінгі күнге аман-есен жетіп, әлем елдерінің алдыңғы шоғырынан көрінуде.

Осындай үлкен жетістікке жетуімізде қазыналы қарттардың орны мен рөлі де ерекше. Олар сонау мыңжылдықтар бедерінде елге тұтқа болған, билікке араласып, талай келелі мәселеде кесім айтқан, шешім шығарған даналардың жалғасы іспетті. Бүгінде сол ділмарлар даңғылымен жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқандардың дені Ардагерлер ұйымының мүшелері.

Сол қатарда Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымының жанынан құрылған «Мұрагер» аймақтық ардагерлер кеңесінің атқарған шаруасы көп. Әсіресе, олар қала мектептептеріндегі балалардың ата-баба дәстүрін ұстанып, келешекте кемел ойлы азамат болып шығуы жолында барынша еңбек етіп келеді. Биылғы пандемия жағдайында да жұмысын онлайн форматқа көшіріп, дәстүрлі тәрбие бағытынан жаңылған жоқ.

Айта кетерлігі, «Мұрагер» аймақтық ардагерлер кеңесінің төрайымы Фаруза Байысова өзінің ұзақ жылдық тәжірибесі мен бар білгенін жастарға үйретуден жалықпайтын жан. Өткенде аталған ұйым қаламыздағы белсенді ардагер аналардың басын қосып, биылғы атқарған жұмысының есебін шығарды.

Онда ұрпақ болашағы үшін істелетін жұмыстардың реті сөз болып, биылғы қиын жағдайда өз бағдарламаларын сәтті орындау жолдарын таныстырды. Бір жағынан отбасы тәрбиесіне ерекше ден қойып, бос уақыты болғанда ұйым жұмысына атсалысып, көрегендік танытқан аналарға Алғыс хат тапсырылып, сый-сияпат көрсетілді. Ал шараға қатысқан облыстық және қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері Фаруза Байысованың еңбегін елеген ұйым төрағалары атынан алғыс айтып, марапат табыстады.

«Араздасып ағайын кетер еді, Бір қария болмаса бір ауылда», – деп Мұқағали ақын жырлағандай, қашанда алысты жақындатып, жақынның берекесін нығайтқан ардегерлердің игілікті ісіне біз де тәнті болдық.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: марапат аналар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір