08 Қазан, 2020 Саясат
Фото: tass.ru
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.
Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді.
А. Маминнің Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен Мәскеде кездесулері жоспарланған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір