• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:23:17
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде кейбір белсенділер "Асыл Арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің "Тәлім тренд" хабарының Ұлттық арнадан көрсетілуіне қарсылық білдірген. Мұхамеджан Тазабек бірнеше адамның сөзіне бола бағдарлама жабылмайтынын жеткізді.

"Менің осы жүргізіп отырған парақшамнан, айтып жүрген “ТӘЛІМ ТРЕНДТЕН” кімге не зиян бар? Кейбір қаракөздеріміз дабыл қағып, “Мұхамеджан сөйлемесін, ТӘЛІМ ТРЕНД тоқтатылсын” деп даурығатындай кім не бүлдірді?". Жазбасын осылай бастаған Тазабек бұл хабарда діни уағыз бен насихат емес, тәжірибесімен бөлісіп, тәлім-тәрбие  мен ізгілік туралы айтып жүргенін жеткізді. 

Сондай-ақ автор отбасымен бірге көруге болатын  тағылымды хабардан кімнің қандай қасірет көріп тұрғанын түсінбейтіндігін айтып, ағынан жарылды. 

–  “Ойбай, уахаби екен, арабтан ақша алады екен, билікке жағымпаз болғасын жолы ашық екен” деген жала мен долбарды естіп келе жатқаныма жиырма жыл болды. Күдіктілер ұсталып, кінәлілер сотталып, қаншама оқиға тарихқа сіңіп кетті. Болатын жаққа жүріп, оңатын тірлікпен айналысудың орынына әлі күнге бір-бірімізді аңдып, берекемізді қашырып, бет-бетімізбен шашылып жүрміз, – деді авторы сөзін жалғастырып.

Сөз соңында, М.Тазабек жау іздегенше, бақ іздеу керектігін айтып, ашуға берілмей, бірлікке шақырды. Оған қоса бес-алты қазақ қарсы болғаннан “Тәлім тренд" тоқтап қалмайтынын да баса айтты. 

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Құрметті оқырмандар! Сіздер қалай ойлайсыздар? Менің осы жүргізіп отырған парақшамнан, айтып жүрген “ТӘЛІМ ТРЕНДТЕН” кімге не зиян бар? Кейбір қаракөздеріміз дабыл қағып, “Мұхамеджан сөйлемесін, ТӘЛІМ ТРЕНД тоқтатылсын” деп даурығатындай кім не бүлдірді? “Жақсыда жаттық жоқ, жақсы сөз жан семіртеді, сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел” деп, ізгілікті қалаған ірілердің ұрпағы емес пе едік?! Айналамыздан ақсақал таппай, қарттардың ішінен қария шықпай қапа боп жүрген заманда, “ТӘЛІМ ТРЕНДТІҢ” алдын тосып, жолын кесетіндей ҚАЗАҚТЫҢ көңілі неден тарылды? Отбасыңмен отырып кино көре алмай, ұл-қызыңа ойлағаныңды бере алмай, инстаграмнан ютубқа, ютубтан тик-токқа түскен заманда, тағылым іздеген қазақтың “ТӘЛІМ ТРЕНД” тыңдағанынан қандай қасірет көріп тұрмыз?! Ақ ниетімді алдарыңызға ақтарып салып, уайымыңыз болса жеңілдетуге, қуанышыңыз болса көбейтуге үлес қоссам деп талпындым. Қамыққан қарындастың, көңілсіз келіннің, жабыққан жеңгейдің жанына жылу сыйласам деп желіге жүгіндім...? Мен тәжірибеммен бөлісіп, тәлімімді айттым, сіздер жүрек жібітіп, жақындарыңызға жібердіңіздер... ?‍? Сіздер ақ тілек айтып, жігер бердіңіздер, мен риза болғаннан қанаттанып, қал-қадірімше қызмет етуге қуат жұмсадым...✍️ Елдің тілегі есіктегіні төрге, ылдидағыны өрге шығарады. Сіздердің баталарыңызды алып, ризашылықтарыңызға бөленген “ТӘЛІМ ТРЕНД” жобамыз Ұлттық арнаның назарына түсіп, жаңа деңгейде, байтақ жұртқа ұсынылмақ екен ?? Онда тұрған не бар? Діни уағыз, шариғи насихат айтқалы жатқанымыз жоқ. Зайырлы қоғамға, дәстүрлі құндылықтарды паш етсек, әлемге кеңінен танымал консерваторлық көзқарас пен либералдық ұстанымдардың ықпалын талқылап, қызық деректерді келтірсек, кімге не зиян?! Ұлтқа керекті, ұрпаққа пайдалы, қоғамға маңызды мәселелерді көтерсек, тәлімді тұсын тарқатып, пайдалы жағын пайымдасақ одан кім ұтылмақ? “Өнбейтін дауды өспейтін ел ғана қуалайды”, дейді қазақ. “Ойбай, уахаби екен, арабтан ақша алады екен, билікке жағымпаз болғасын жолы ашық екен” деген жала мен долбарды естіп келе жатқаныма жиырма жыл болды. Күдіктілер ұсталып, кінәлілер сотталып, қаншама оқиға тарихқа сіңіп кетті. Жалғасы коментте ??

Публикация от Muhamedjan Tazabek (@mukhamedzhan_tazabek)

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мұхамеджан Тазабек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір