• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:51:49
Алматы
+12°

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев митингіге қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде "билікте қалғым келсе, екінші мерзімге отырған едім" деп мәлімдеді. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

– Мені көптеген адам, соның ішінде басқа елдердің, тіпті Еуропа елдерінің президенттері де көндірді. Мен билікті бейбіт жолмен беру үшін арнайы прецедент жасадым. Атамбаевқа билік керек емес. Жастар, сіздер маған балаларым сияқтысыздар. Мен 2010 жылы да уақытша үкіметке қарсы шықтым, өйткені еш жерде заңсыздық болмауы керек. Мен түрмеден енді шықтым. Әйелім Раяның барлық шотына тыйым салынған, – деді Атамбаев.

Ммұның алдында Атамбаевтың Бішкектегі митингіге келгені хабарланған .

Наразылық акциясына Алмазбек Атамбаевқа бұрынғы премьер-министрлер Сапар Исаков және Омурбек Бабанов қосылды. 

Оқи отырыңыз: Алмазбек Атамбаев митингшілерді басқарып жүр (фото)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір