• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:04:35
Алматы
+12°

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев бір жыл бұрын арнайы операция аясында ұсталған қала сыртындағы үйінде жоқ, деп хабарлады Sputnik Kyrgyzstan.

Арнайы жасақ Алмазбек Атамбаевты ұстау үшін Кой-Таштағы үйіне келді, деп жазады саясаткердің жақтастары әлеуметтік желілерде. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде пайда болды.

Дереккөздердің алдын-ала мәліметтері бойынша Атамбаев ол үйде жоқ. Баспасөздің хабарлауынша, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі пікір бермеген.

Еске сала кетейік, өткен жылдың жазында Атамбаев қала маңындағы осы үйінде ұсталған болатын. 2020 жылдың 6 қазанына қараған түні ол Бішкектегі жаппай тәртіпсіздік толқынында ҰҚКҰ тергеу изоляторынан босатылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: атамбаев қырғызстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір